«Келешек» жастар кеңесінің төрағасы сайланды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Келешек» жастар кеңесінің мәжілісі өтті. Онлайн кездесуге салалық кәсіподақ филиалдарымен ұсынылған еңбек ұжымдарындағы белсенді жас кәсіподақ мүшелері мен аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.Отырысты ашқан Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Ақжігітов кеңес құрамына іріктеліп алған үміткерлерді құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Жиында келесі мәселелер қаралды:1. «Келешек» жастар кеңесінің төрағасын сайлау;2. Кеңестің алдағы жоспарын белгілеу.Отырыс барысында қатысушылардың бірауыздан дауыс беруімен «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы болып Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Тасболат Бекдаулет Бейсенбайұлы сайланды.Б.Тасболаттың жетістіктеріне тоқталсақ, ол «EcoSana» сенбілік акциясына қатысып, II орын алғаны үшін ОҚМПУ «Jas Otan» бөлімшесінің Алғыс хатымен, «Jas Otan» Шымкент қалалық филиалының төрағасы М.Исаховтың Алғыс хатымен, Жастар ресурстық орталығы басшысының Алғыс хатымен марапатталған, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Бір ел – бір тағдыр» жобасының аясында өткен воллейбол жарысында «Бас жүлде» иегері, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының «Бір ел – бір тағдыр» жобасының аясында өткен футбол жарысында «Бас жүлде» иегері, «Тәуелсіздік тірегім» пікірсайыс турниріне қатысқаны үшін «Болашақ» жүлдесімен марапатталған.Жиналған жастар жаңадан тағайындалған төрағаны құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.Кездесу соңында кеңестің алдағы жұмысы талқыланып, белсенді жастар алдағы жоспарларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы