Келісу комиссиясы мүшелеріне  семинар ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Түркістан қаласында «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева Сауран ауданының білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Келісу комиссияларының мүшелеріне семинар өткізді.

Семинар барысында Райхан Қыдырбаева келісім комиссиясын құру, жұмыс істеу тәртібі, сандық құрамы, келісім комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі, келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру рәсімдері, еңбек дауын қарау мерзімдері, жеке еңбек дауларын қарайтын органдар, келісім комиссиясының шешім шығару және оларды орындау тәртібі туралы және оның қызметінің өзекті мәселелері жайлы толықтай түсіндіріп, Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткенін растайтын сертификаттарды табыстады.

Бұдан бөлек Райхан Мамашиқызы қатысушылардың қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің кеңесін беріп, өз тәжірибесінде болған мысалдар келтіріп, осы дауларды шешудің жолдарымен бөлісті.

Жиын соңында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдіріп, семинар жоғары деңгейде өткенін атап өтті.