Кентау қаласы толық газ жүйесімен қамтылды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Кентау қаласына барды. Ол ең алдымен қала тұрғындарын жылумен қамтып отырған «Жылу энерго орталығы» мекемесіне аялдап, халықты сапалы жылумен қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол бермеу керектігін тапсырды.

Сапар аясында қаланы газбен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары аяқталған 2 кезеңнің жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде Кентау қаласы толықтай көгілдір отынмен қамтылып отыр.

Жалпы, Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдары жүргізілген. Қазіргі таңда шаһар 100% газ құбырларымен қамтылған. Ал жалпы 18 000 абоненттің нақты 8 435-і, яғни 47%-ы табиғи газды пайдаланып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі