Кентауда кәмілет жасқа толмағандар қылмысының алдын алу жұмысы жүйеленді

Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлы тапсырмасымен Кентау қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып, жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері арасында кәмелетке толмағандар қылмысы мен құқық бұзушылығының алдын-алуға бағытталған іс-шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге бөлім бастығы Ерлан Қыдырбаев пен оның орынбасары Бағлан Янкин, білім бөлімінің мамандары мен мектеп оқушылары, колледж студенттері қатысты. Сондай-ақ Кентау қаласы бойынша 27 жалпы орта мектептердің бейнебақылау камералары Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығымен интеграцияланғаны және дабыл нүктелері тексерілді.

Оған қоса оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру бүгінгі күннің басты талабы екендігі айтылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі