Кеңестің  отырысында мәселелер қаралды

Төлеби аудандық қоғамдық кеңестің отырысына ауданның бірқатар ардагерлерімен тұрғындары қатысты. Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

1. «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен, саласындағы мамандарға, ауылдық округ әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешімнің жобасы.

2. Ленгір қаласы №8 колледжі және Көксәйек е/м Түркістан көпсалалы-техникалық колледжіндегі студенттердің оқу-тәрбие сабақтары, жатақхана асхана жағдайы, практика, жұмысқа орналастыру, студенттердің техникалық қауіпсіздік шараларын сақтаулары т. б. атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

3. «Ленгір-тазалық» КММ-нің атқарып жатқан жұмыстары туралы.

4. Мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлермен халықты қамтамасыз етілуі және үй иелері пәтерлерін заңсыз жалға беру деректерін анықтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

5. Аудандық жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

Кеңес мүшелерімен отырысқа қатысушылардың тараптарынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып жауаптары тыңдалды және алдағы уақытта жұмыстарды жақсарту мақсатында нақты ұсыным, талаптар жасалып, әрбір мәселе бойынша шешімдер қабылдады.