Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.Қылмыстың алдын алу олардың негізгі көрсеткіштеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара – Өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамды, мемлекеттік экономика әлі сақталып тұрған тұста, жекеменшік институттары әлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекетіміздің қызметінің орасан зор маңызға ие  болатындығы  мемлекет  тарапынан  қалыптасқан шаралардың бәрінің мәні де, ықпалы да қоғамдағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың әуелі алдын алуға бағытталған.Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.

Түркістан қаласының   Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 2022 жылдың 1 желтоқсан күні 8-11 сынып білім алушылары арасында жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде профилактикалық кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Жүсіпбай Мақсат Кенжеханұлы, полиция басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторы, аға лейтенант Шахаев Алмат Талғатұлы, қалалық емхананың психологы Аширбекова Бақыткүл Набиевна, жастар орталығының психологы Анапия Мадина Шынасылқызы қатысты. Құқық қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Кездесуде жасөспірімдерге қоғамда, мектепте, тағыда басқа жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде, тәртіп мәселесі, сабаққа қатысу, беймезгіл уақытта көшеде жүрмеулері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Жасы толмағандар қылмысымен күреске бағытталған күнделікті жұмыс Қазақстан Республикасы саясатының негізгі құрамдас бөлігі дейтін болсақ, ол жасы толмағандардың қылмысы мен жасөспірімдер  құқық бұзушылығын болдырмай алдын алудағы шаралардан өз көрінісін тапқан. Жасы толмағандар қылмысын алдын алуда маңызды болып саналатын тәрбиелік сипаттағы шаралар. Мұндай тәрбиелік сипатқа ие болған шаралар құқық қорғау органдарына, жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияға өз көмегін тигізсе де оның жеткіліксіздігі күнделікті іске асып жатқан жат әрекеттерден көрініп, жаңа келелі істерді талап етеді.