Полиция автокөлік жүргізушілерін тұманға байланысты жолдарда абай болуға шақырады

Ауа-райының нашарлауына байланысты Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жолдарда абай болу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Қазіргі уақытта Сауран, Отырар, Келес, Сарыағаш, Түлкібас, Арыс аудандары мен Түркістан қаласы, Шымкент-Самара тас жолының 116-149 шқ, Қызылорда бағытында 170-196 шқ, 196-208 шқ-да қалың тұман және жолдың нашар көрінуі байқалады.

Тәртіп сақшылары жеткіліксіз көріну жағдайында жолда барынша мұқият болу, жылдамдықты асырмау, ара қашықтықты сақтау және көліктердің жақын жарығынан бөлек тұманға қарсы шамдарды қосу керектігін еске салады.

Жүргізушілер! Сақ болыңыз! Сіздің қауіпсіздігіңіз-сіздің қолыңызда!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі