Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыты болып табылады

Бізбен 3,8 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 5 әкімшілік кедергі жойылған.
3 мыңнан астам салық бұйрықтары мен сот орындаушыларының шектеу және тыйым салу шаралары жойылған.
Әкімшілік қаулылардың күшін жою және өзгерту арқылы 200 млн. теңгеден астам сомаға 347 кәсіпкердің материалдық мүдделері қорғалады.
Яғни, мемлекеттік кірістер органдары 91 салық төлеушіні ӘҚБтК-тің 266-бабы бойынша ескіру мерзімі өтіп кеткен құқық бұзушылықтар үшін заңсыз әкімшілік жауапкертылыққа тартқан.
«Шымкент сушар» МКК қатты тұрмыстық қалдықтарын қабылдау шарты бойынша 105 кәсіпкерге аванстың 50% пайызын төлеуге мәжбүрлеу тәжірибесі тоқтатылды.
Монополияға қарсы органның «ЛТД Турмыс» ЖШС заңсыз тексеру фактісін анықтадық.
Қабылданған шаралар негізінде сот қаулысымен қаланың бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы ӘҚБтК-тің 175-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Біздің актілеріміз бойынша кәсіпкерлердің есеп шоттарын заңсыз бұғаттағаны үшін аудандық салық басқармалары басшыларының орынбасарлары ӘҚБтК-тің 173-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сәйкесінше, кәсіпкерлердің қызметі сал (парализована) болып қалған.
Прокуратура бұл әрекеттерді негізсіз деп танып, қадағалау актісін енгізді, салық органының шешімінің қорытындысы бойынша олардың күші жойылды.
Мектеп асханаларын жалға алған 78 кәсіпкерден mektepmenu.kz. қосымшасын пайдаланғаны үшін заңсыз ақша жинау тәжірибесі тоқтатылды.
Қадағалау актілері бойынша «Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» жобасы аясында қозғалған салық органдарының 228 әкімшілік ісінің күші жойылды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлердің назарын кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының қызметіне аударамын, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз тексерулер мен әкімшілік кедергілер туындаған жағдайда Шымкент қаласы прокуратурасының көрсетілген сенім телефондарына (87252 53-91-84, 8-778-111-25-42) хабарлауыңызды сұраймыз.

Шымкент қаласы прокурорының орынбасары
Аға әділет кеңесшісі
Мұхамеджан Бахтияр Мұхамеджанұлы