Кәсіподақтарға сенім артуда

Өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамыту мен кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында «Қызмет» Салалық кәсіподағының кеңес мүшесі «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының Шардара аудандық комитетінің төрағасы Бақыткул Биманова Келес ауданы «Келес спорт клубы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бақыткул Биманова кәсіподақ жұмысындағы негізгі мәселе еңбек адамының құқын қорғау екенін, жұмыс орнындағы еңбек заңдылықтары мен қауіпсіздіктің сақталуын, өзекті мәселелердің оң бағытта шешілуін қамтамасыз етумен қатар басқа да еңбекке қатысты түйткілді жағдайларды басты назарда ұстайтынын жеткізе отырып, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, қатысушыларды қазіргі уақытта «Қызмет» Салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы хабардар етті.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, ұжымдағы қызметкерлер бірауыздан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметіне Нұрман Мейіржанды сайлады.

Жиналыста көтерілген ұсыныстарды ескере отырып, ұжымның 47 қызметкерлері 100% «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамына кәсіподақ мүшелігіне кірді.