Кәсіподақ төрағалары ардагерді құттықтады

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бердіғали Өмірәлі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов кәсіподақ саласының ардагері Шерім Асылбековті 80 жасқа толған туған күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Кәсіподақ төрағалары ардагерге құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Өз кезегінде, кәсіподақ ардагері алғысын білдіріп, ақ батасын берді. Шерім Асылбеков 1968-1990 жылдары аралығында Шымкент облыстық кәсіподақ кеңсесінде өз қызметін нұсқаушы болып бастап, кәсіби сын тезінен өткен соң, кәсіподақ кеңесінің хатшысына дейін көтерілген. Өз ісінің шебері болған ардагер Мәскеудегі Кәсіподақ қозғалысының Жоғары оқу орнын (қазір – Еңбек және әлеуметтік қатынас академиясы) бітірген. Еселі еңбегін ұмытпаймыз!Кәсіподақ саласына еңбегі сіңген әр ардагеріміз қай кезде де құрметке лайық. Ардагерімізді жаңа жасымен құттықтаймыз!

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы