Көлік терезелерін толық күнгірттеп алған шымкенттік жауапқа тартылды

Көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылау жүргізушіге көрінуді шектеуі мүмкін. Ал, нашар көріну жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін.
Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аталған құқық бұзушылыққа жол берген азаматты анықтады. 21 жастағы тұрғын Lada автокөлігінің терезелерін толығымен күнгірттеп алып қала көшелерінде жүріп, оны видеоға түсіріп, өз парақшасында жариялап отырған.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Атап өтейік, заңнамаға сәйкес техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына жауап бермейтін, сондай-ақ көлікті пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлік құралдарын басқару 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шымкент Қаласының ПД