Мадияр Әліповтің төрағалығымен МӘМС жүйесі бойынша мәжіліс өтті

Мадияр Әліпов

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша мәжіліс өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және Сайрам аудандық орталық ауруханасы өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Сайрам аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Зарипа Оспанова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер мен жарналарды төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заңдарды орындауын қамтамасыз ету, халықтың барлық санатын жұмылдыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік, ауылшаруашылық, «Атамекен» КП-ның, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Ішкі істер басқармасының, құзырлы органдардың, ауыл әкімдіктерінің, адами әлеуетті дамыту бөлімінің МӘМС жүйесі шеңберінде атқаратын жұмыстарына тоқталды.

2024 жылы МӘМС жүйесінде қандай өзгерістер болатыны, 2024 жылда сақтандырылғандар саны, дербес, жеке кәсіпкер төлемін төлеу және сақтандыру мәртебесін тексеру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмектің сапасы мен колжетімділігін жоғарылату мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі