Майра Мұхамедқызы Ntime.kz порталына сұхбат берді

Майра Мұхамедқызы: «Домалақ ана операсы, Шымкентті әлемге танытады!»

Жүргізуші Алимхан Дуйсенгалиев Шымкент қаласының опера және балет театрының директоры, Қазақстанның опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен жүздесіп, сұхбат жүргізіп қайтты. Сұхбат барысында есімі ел ұранына айналған абыз аналарымыздың бірі Домалақ анамызға арналған қойылымның төңірегінде өрбіді.

Майра Мұхамедқызы — қазақтың ең атақты опера әншiсi, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Париждегі «Гранд Операда» Қазақстанның атынан өнер көрсеткен тұңғыш әрі әзірге жалғыз опера әншісі.