Масаң күйде көлік басқарған жүргізуші қамаққа алынды

Арыс аудандық сотымен қала тұрғыны Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін кінәлі деп танылды.Сотпен анықталғаны:Айыпталушы Ж. түнгі сағат 23:30 минут шамасында М.Дулатов көшесі бойында «ВАЗ 21213» маркалы авто көлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, жәбірленуші Г.-ның тұрғын үйінің темір қақпасына соқтығысып, жол апатын жасаған. Нәтижесінде жәбәрленушінің мүлкіне материалдық зиян келтірген. Сот отырысында айыпталушы кінәсін мойындады.Құқық бұзушының кінәсін мойындап өкінген жауаптылығы, құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі ескеріле отырып, сот Ж.-ны кінәлі деп танып 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Арыс аудандық соты