«Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

Жедел алдын алу іс-шарасы ағымдағы жылдың 18-31 қазан аралығында Бөрлі ауданы аумағында өткізілді.Іс-шараның мақсаты жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолдардағы апаттылық деңгейін тұрақтандыру және көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау.»Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін 228 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Жылдамдық режимін асырғаны үшін 23 жүргізуші тартылды. Мас күйінде көлік құралын басқарған 13 жүргізуші анықталды. Сондай — ақ, басқару құқығынан айырылған 1 жүргізуші және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тағы да 1 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік жүргізу құқығынан айырылды-ҚР ҚК 346-бабы (5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші құқығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүргені үшін 4 жүргізуші айыппұл төлеуі тиіс, қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 24 құқық бұзушы тартылды.Айыппұл тұрағына 17 көлік құралы қамалды.Алдын алу жұмыстары жол қозғалысының барлық қатысушыларымен жалғасуда. Бөрлі ауданының ПБ қызметкерлері жаяу жүргіншілерге жол берген 40 бұзушылықты анықтады, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бөрлі ауданының ПБ қызметкерлері жол қозғалысының барлық қатысушыларынан ережелерді қатаң сақтауды, өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуді сұрайды.

БҚО Полиция департаменті