Мақтааралда ауыл шаруашылығы өнім көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті

Мақтаарал ауданында 2021 жыддың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 34,9 мың гектары мақта дақылы. Сонымен қатар, 622 гектар көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат және қызылша дақылдарынан 20 048 тонна өнім өндірілген және оның 80 пайызы шетелге экспортталған.Мақтааралдық диқандарға ағымдағы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 6,55 гектар жерге жылыжайлар құрылған. Сондай-ақ, 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалған.Аудан басшысы жайылым жердің жоқтығына қарамастан мал басының саны артып жатқандығын да атап өтті. Яғни, малды жайылымда баққаннан көрі үйде ұстап бордақылайтын шаруалардың саны арта түскен екен.Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бағдарламасына енген. Осы арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Нәтижесінде, егістік алқабтарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген.