Мақтааралда  Қоғамдық кеңестің  отырысы  болды

2023 жылдың 3 мамырында аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы М. О. Ердешовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысының жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері, Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нұрлан Тұрашев, Мақтаарал аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Айдағараев Нұрсұлтан, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Мүсірепов Бауыржан, Мақтаарал ауданының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Иманүсенов Қанат және Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елшібаев Нұрғали қатысты.

Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1.Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 сәуірдегі №19-117-VII «Мақтаарал аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешiмiне өзгеріс енгізу туралы Мақтаарал аудандық мәслихатының шешім жобасы;

2.Мақтаарал ауданы әкімдігінің ««Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту» туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы;

3.Мақтаарал ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы шешім жобасы;

4.«Мақтаарал ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» Мақтаарал аудандық мәслихаты шешімінің жобасы;

5.Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белсенді ұзақ өмір – Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы;

6.Мақтаарал аудандық Қоғамдық кеңесінің сандық құрамын Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінен іріктеу туралы.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші мәселе бойынша Мақтаарал аудандық мәслихаты аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Айдағараев Нұрсұлтан тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы Мүсірепов Бауыржан тыңдалды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Иманүсенов Қанат тыңдалды.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрашев Нұрлан баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі бесінші мәселе бойынша Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елшібаев Нұрғали тыңдалды

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Мақтаарал аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдер қабылданатын болады.