Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті көшпелі отырысы Қазығұрт ауданында өтті

Кеңес отырысын облыстық кеңес төрағасы Б.Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов, облыстық басқарма басшылары, Қазығұрт,Келес аудан әкімдері мен орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі «Қазғұрт ауданының жер қатынастары саласындағы заңнама талаптарын қамтамасыз ету туралы» мәселе бойынша Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов есеп жасап өтті.

Қосымша баяндамамен Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының жер есебі және мониторинг бөлімінің басшысы М.Абуов және облыстық Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі комиссия мүшесі Е.Байзақов сөз сөйледі. Пікір алмасу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Қ.Керімбеков, Т.Бүрлібаев, Б.Рысбековтың тарапынан пікір, ұсыныстар айтылды.

Отырыстың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев «Келес ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы» баяндама жасады.

Бұл мәселені талқылау барысында Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы У. Қайназаров жіберілген кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсынымдар берді.

Келесі мәселе «Түркістан қалалық әкімдігінің тұрғын үй саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы туралы» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов баяндамасында ипотекалық баспана алуда, кезекке тұруда, мемлекеттік сатып алуда Түркістан қаласының тұрғын үй бөлімінің жіберген кемшіліктеріне тоқтап өтті.

Қойылған сұрақтарға Түркістан қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Үсенбаев жауап берді.

Сонымен қатар кеңесте: — «Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы;

«Түркістан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы;

«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 14 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қаулысының жобасы;

«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекеменің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемелік бекіту туралы» Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қаулысының жобасы;

«Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 қазандағы «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобаларын қарап, келісімдерін берді;

Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №114 «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».