Маңғыстаулықтар қырыққабатқа қарық болады

Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы “Еңбек” шаруа қожалығының иесі Алтыбай Базаров 1 гектар жерге қырыққабат егіпті деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алғашқы өнім дайын. 20 тоннаға дейін өнім алып, сатылымға шығармақшы .

Биыл облыста қырыққабат көптеп өсірілуде. Мұнайлы ауданында да 20 гектар жерге қырыққабат егіліпті. 600 тоннаға дейін өнім алу жоспарланып отыр.

Жергілікті жерден өнім өндіруді көбейткенде ғана бағаны тұрақтандыруға болады.