Маңғыстау облысының ветеринарлары халықты төрт түлігін тіркеуге шақырады

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына тіркелмеген малға мемлекет тарапынан субсидия немесе қолдау көрсетілмейді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев мәлім етті деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі Баспасөз орталығы..

        Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дегеніміз – арнайы дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзу арқылы есепке алу.  Яғни, ірі-ұсақ малдарға сырғалау, таңбалау арқылы жеке нөмiр мен құжат беріледі. Бірдейлендіру дерекқорына тек  ірі шаруа қожалығықтары ғана емес жеке үй қожалықтары да тіркелу қажет.

Тіркелген мал басына салық төленбейді.

        — Әрбір мал иесі тұрғылықты жері бойынша ветеринарлық мамандарға жүгініп, өзінің малын деректер базасына енгізуі тиіс. Егер мал тіркелмеген болса, біз түрлі жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізе алмаймыз. Тиісінше, жануарлардың иелеріне тасымалдауға, сатуға, союға және т.б. ветеринариялық-рұқсат құжаттары берілмейді.

         Қазіргі уақытта нақты жасы нақты жасы анықталған тіркелмеген жануарларды тіркеу үшін 38 954 өтініш келіп түсті. 10.08.2021 жылдан бастап 10.10.2021 жылға дейін жануарларды тіркеу бойынша одан арғы жұмыстарды жүргізу үшін «жасыл дәліз-2″ қызметі ашылды», — деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Бердібек Марқабаев.

         Бүгінгі таңда облыста 639 493 мал басы тіркелген.