Мемлекеттік кірістер департаменті 9 айдағы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Шымкент қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары С. Ешанқұлов «Жергілікті табыс көздерін ұлғайту және жергілікті бюджеттің салықтық әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар туралы» баяндама жасады.

2023 жылдың 9 айында бекітілген жоспар 195,6 млрд. теңге болған кезде нақты жергілікті бюджетке 222,0 млрд. теңге түскенін, жоспар 113% — ға орындалғанын, немесе 26,3 млрд.теңге қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Заңды тұлғалардың мүлік салығын әкімшілендіру бойынша уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс және объектілерді паспорттау жөніндегі жұмыс нәтижесінде олардың саны 18% — ға, ал түсімдер үлесі 25% — ға ұлғайғанына назар аударды.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша жергілікті

органдармен жүргізілген түгендеу-салыстыру жұмыстарының арқасында салық салуға жататын меншік иелеріндегі үйлер мен гараждар саны 12% — ға, ал түсімдер үлесі 11% — ға ұлғайды.

Алымдар бойынша түсімдерді ұлғайту ЕАС елдерінен автокөлік құралдарын заңдастыруға байланысты біржолғы төлемдер есебінен, сондай-ақ берілетін рұқсат құжаттары үшін бақылау жұмысын күшейту есебінен жүргізілді.

Коммерциялық объектілерді әкімшілендіру, олардың бағалау құнын ұлғайту (2136 объект бойынша бағалау 17 есеге ұлғайтылды), тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтау, камералдық бақылау және т. б. Бағыттарда ауқымды жұмыс жүргізілгеніне назар аударылды.

Цифрлық шешімдер арқылы кәсіпкерлердің бизнесті басқаруына ерекше назар аударылады сонымен қатар » e-Salyq Business» — жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, чектер беруге, кірістерді есепке алуға, салықтарды есептеуге және т.б. мүмкіндіктеріне, «E-Salyq Azamat» — жеке тұлғалармен декларацияларды тапсыру, салық төлеу және басқа да жетістіктері бар екені ескерілді.