Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған Шардара қаласының орталық стадионда, аудан әкімшілігі, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Шардара аудандық кәсіподақ комитеті мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруыен мемлекеттік қызметшілер арасында волейбол спорты түрінен аймақтық достық кездесу өткізілді. Спартакиаданы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысытық филиалының басшысы Күлдар Есебаева және ардагер спорт саңлақтары ашып, шын жүректен құттықтап, сәттілік, жеңіс тіледі.

Жарысты өткізудің басты мақсаты:

Президентіміздің Қазақстан халқына арналған жолдауларында денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықты салауатты өмір салтына баулу; қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу арқылы олардың жұмысқа деген қабілетін көтеру, мемлекеттік қызметкерлер арасында достық қарым – қатынасты орнықтырып, байланысты нығайту, жастарды денешынықтыруға шақыру немесе спортпен айналысуға ұмтылу, салауатты өмір сүрудің үздік көрсеткіштеріне қол жеткізу, тұрақты спорттық жарыстар өткізу, мемлекеттік қызметшілер басқаларға үлгі көрсету және үлгілі болу болды.

Жарыс алғашқы сәттен — ақ тартысты басталып, өте жоғары деңгейде тартысты әрі әділ өтті. Жарыс бар жерде жеңіс бар, жеңіліс бар.

Жарысқа жанкүйерлерімен қоса есептегенде екі жүзден аса адам қамтылды.Таңертең басталған жарыстың қортындысы түс ауа белгілі болды.

Жеңіске жеткен командалар және барлық жарысқа қатысушылар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалы мен Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жарыс төрешілерінің сараптамасы бойынша жеңіске жеткен командалар:

1 –орынды Келес ауданының командасы (команда капитаны Саттаров Олжас Әбдіжапбарұлы Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар кқлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы),

2-орынды Шардара ауданының командасы (команда капитаны Кошимов Мейіржан – Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы) иеленсе,

3-орынды Сарыағаш ауданының командасы (команда капитаны Ахментаев Нұржан Жақсылықұлы – Сарыағаш ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы) мен Мақтаарал ауданының командасы (команда капитаны Мамешов Алмасхан Миллионұлы- Ж.Нұрлыбаев а/о әкімі аппаратының бас маманы) бөлісті.

Бірқатар үздік ойыншылар жеке номинациялармен марапатталды.

— «Үздік қорғаушы» номинациясымен Тулеева Дана – Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы,

— «Үздік доп таратушы» номинациясымен Қалшабаева Орынша — Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы орынбасары,

— «Үздік шабуылшы» Саттаров Олжас — Келес ауданы командасының команда капитаны,

— «Ардагер ойыншы» Мамешов Алмасхан — Мақтаарал ауданы командасының команда капитаны марапатталды.

Айта кету керек, Сарыағаш аудан әкімі орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлының Сарыағаш ауданы командасының құрамында ойнап, командаға дем беріп, спортты насихаттауда жастарға үлкен үлгі — өнеге көрсете білді.

Жарысты белсенді ұйымдастырғаны үшін, жарыстың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысқан Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақытгүл Құрмантайқызына және барлық бастауыш ұйымдарының белсенді қыз – жігіттеріне алғысымыз шексіз.

Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымына және төрешілеріне алғысымызды білдіреміз!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жеңісті күндеріңіз көп болсын!