Мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың орын алмауы қатаң бақылауда

Түркістан облысының Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Аңсар Пирметовтың төрағалық етуімен Әділет департаментінің 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге, алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар жоспарының 2 тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсетуде сыбайлас жемқорлықтың белгілерін болдырмау мақсатында бөлім және ауданаралық әділет басқармалары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының аудандық бөлім қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді деп хабарлайды Түркістан облысының Әділет депатаменті. Дөңгелек үстел кезінде А.Пирметов мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтере отырып, азаматтарға жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі таңның басты міндеттерінің бірі екендігіне баса назар аударды.Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мейлінше автоматтандыру бірінші кезекте тұрғындар үшін өте ыңғайлы, екіншіден, қызмет сапасына оң әсерін тигізіп, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік туғызады.Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Бүгінде мемлекеттік органдарда сенім телефондары орнатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы мақалалар жариялануда.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге, алдын-алуға және болдырмауға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша насихаттау іс-шаралары өткізілуде.Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының талаптарын сақтауды, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру, қағаз және электрондық мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ тұрғындар үшін де, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту – уақыт талабы.