Мерекеге орай полицейлер арасында ерекше сайыс өткізілді

полиция

Түркістан облысы ПД Ордабасы аудандық полиция бөлімінде көктемгі мерекеге орай «Көңілді тапқырлар байқауын»өткізді. Ордабасының полиция бастығы Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған байқауға полиция бөлімінің түрлі құрылым қызметкерлерінен тұратын 5 команда қатысты. Полиция командалары әзіл-қалжыңмен және жақсы көңіл-күймен қаруланып, театрландырылған қойылымдар көрсетті, шығармашылық шеберлік пен тапқырлықпен жарысты.

Жарыстарда «Сақшылар» командасы 102 пультіне түсетін отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың себептері туралы, ал «3 этаж» командасы тергеу саласына және жедел қызметкерлердің қылмыскерлерді ұстауына байланысты қызықты фактілер туралы айтып берді.
«Сіз десіп, біз десіп жүрейік», «Полиция қырандары» учаскелік полицейлерінің командалары аудандық полиция бөлімінің өмірінен түрлі көріністер көрсетті. Ал, командалар арасында бірінші орын алған «Жұлдызды жігіттер» командасы полиция жұмысының күрделі және қызықты жағдайларын әзілмен көрсетті, сондай-ақ шенді аруларды мерекемен құттықтады.
Көңілді конкурстың қорытындысы бойынша ІІ орынды «Сіз десіп, біз десіп жүрейік» командасы,ІІІ орынды «жергілікті полиция» командасы иеленді.
Іс-шара соңында полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы барлық полиция аналары мен әйелдерін көктем мерекесімен құттықтап, жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі