Республика күні: Ордабасыда үш модульдік полиция пункті ашылды

Бүгін Республика күніне орай Темірлан, Бадам, Шұбарсу ауылдарының орталығынан модульдік полиция пункті ашылды.

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, мәслихат депутаттары қатысты.

Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы полиция қызметкерлерін жаңа кабинеттің ашылуымен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Жалпы ауданда 9 учаскелік полиция пункті бар. Шұбар ауылында жаңа, заманауи үлгідегі полиция кеңсесінің ғимараты тұрғызылуда.

Мұнан бөлек, Бөген ауылындағы учаскелік полиция пунктіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі