Мереке күндері түркістан қаласында өткен жәрмеңкеге ауданда өндірілген өнімдер шығарылды

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Осыған орай, мереке күндері аудан кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшылары тарапынан табиғи таза, жоғары сұрыпты өндірілген өнімдері және қайта өңделген өнімдері жәрмеңкеге шығарылды. Атап айтқанда, Манкент және Қарасу ауылдарына қарасты консерві кәсіпорындарынан «Аят» және «Айша» сауда белгілерімен 200 литрге жуық жеміс шырындары. Сондай-ақ Қарасу ауылдық округіндегі «Арома» сауда белгісіндегі сүтті қайта өңдеу цехінен 200 кг ірімшік, «Алма» сауда маркасымен «Алма» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жанындағы етті қайта өңдеу цехінен 1500 кг шұжық және «Асан» шаруа қожалығы 200 кг қияр, қызанақ өнімдері болды. Жәрмеңке өткен күні ауданнан жеткізілген барлық өнімдердің сапасы мен бағасының тиімділігі жағынан Түркістан қаласының халқы тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі