Мобильді қосымша тұрғындардың уақытылы салық төлеуіне сеп болып тұр

Түркістан облысында цифрлы Қазақстан бағдарламасы қарқынды жүргізілуде. Жергілікті халық арасында «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдаланушылардың саны күн санап артып келеді. Салықтарды төлеудің электрондық сервисі тұтынушыларға ыңғайлы жағдай жасауды басты мақсат еткен, дейді мамандар.

         «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен  тегін жүктеуге болады. Мобильдік қосымшада «Салық әмияны», «Жалпыға бірдей декларациялау», «Салық салу объектілері», «Қызметкердің еңбек ақысы», «Калькуляторлар», «Жиі қойылатын сұрақтар», «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметтер және т.б салық төлеушіге өте қажет қызмет түрлері  қаралған.Салықтарды төлеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктерден МКК ақпараттық жүйелеріне онлайн режимде 2 минут ішінде түседі, ал бұрын салықтарды төлеу туралы ақпарат 2-3 күн ішінде түскен болатын. Салықтарды төлеу туралы ақпаратты алу уақытын қысқарту мемлекеттік қызметтерді жедел көрсетуге мүмкіндік берді, -дейді Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.

Биылдан бастап жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтары біріктірілген. Яғни екі түрлі салық бірыңғай төлеммен өтеді. Жаңа жобаны түсіндіру үшін Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері баспасөз брифингін ұйымдастырды. Жаңадан іске қосылған Салық төлеушілерге арналған E-salyq Azamat мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін баяндады.

Бұл қосымшаның мүмкіндіктері көп. Кез -келген салығыңызды ұзын сонар кезекте уақыт жоғалтпай   үйде отырып ақ төлей аласыз. Сонымен бірге көпқабатты үйдегі пәтер иелеріне арналған жер салығы алынып тасталды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «E-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы жасалды. Бұл қосымша мәліметтерді толтырмай салық төлеуге, 2 минут ішінде онлайн режимінде шотқа ақша жіберуге әрі артық төлемдерді қайтаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда салық әмиянын пайдаланушыларының саны 130 мыңнан асады. Ал жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq-business» қосымшасы әзірленген.

Ntime.kz