Мүмкіндікке тек лайықтылар ие болады

Мүмкіндікке

Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жұмыскерлердің жалақысын субсидиялайды. Қайтарымсыз грантқа халықтың әлеуметтік осал топтары, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылардың мүшелері – көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушы, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар, қандастар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үміткер бола алады. 

Биыл конкурс екі лекпен: бірінші лек 8-19 сәуір, екінші лек 15-26 маусым аралығында өтеді. Осы уақыт аралығында «Еnbek.kz» порталына азаматтар грант конкурсына қатысуға өтініштерін жолдай алады. Өтінішке сәйкес арнайы комиссия құрылады. Конкурста әрбір қатысушы өзінің бизнес жобасын қорғайды. Қай жобаға грант беруге болатынын комиссия шешеді. Қайтарымсыз гранттың суммасы 400 айлық есептік көрсеткіш, биыл 1 миллион 476 800 теңгені құрайды.

Грант, аты айтып тұрғандай, қайтарымсыз. Кәсіп бастауға берілетін бір жолғы көмек. Бұрын қатысып, грант ала алмай қалған болса, тағы бұл мүмкіндікке қатысуға болады. Биыл республика бойынша 9000 грант бөлініп отыр. Оның 426-сы Шымкент қаласына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі. Бұл ретте, комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай критерийлер бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Конкурсқа жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер, кәсібін ашқанына 3 жыл толмаған азаматтар, халықтың әлеуметтік осал топтары, асыраушысынан айырылған отбасылар, әлеуметтік көмек алушылар, мүгедек бала асыраушы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін «Бастау бизнес» курсын оқып, сертификатын алу міндетті. Грант алған азамат міндетті түрде салық органдарына тіркеліп, ай сайынғы әдеуметтік төлемдерін төлеп отыруға міндеттеледі. Бұл жоба бойынша жұмыс беруші субсидияланатын жұмыс орындарын ашады. Сол жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсаған шығындарын мемлекет толық немесе ішінара өтеп береді.Жұмыссыз азаматтар жоба аясында 12 айға жолданады. Осы жоба бойынша биылға 170 адам жоспарланған. Қазіргі таңда 126 адам жолданды.