«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 1000-ға жуық қандас баспаналарын сатып алу құқығына ие

«Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында 975 пәтер иелерінің баспаналары сатып алу құқығына ие. 2010-2011 жылдары аралығында «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында Өзбекстан елінен келген қандастарға бюджет есебінен Асар шағын ауданынан 975 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген болатын. Осыған орай Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының, Қаратау ауданы әкімдігінің, «Отбасы банк» ШҚФ-ның, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС-нің, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің өкілдерінің қатысуымен «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бағдарлама қатысушыларының арасында «Асар» шағын ауданынан берілген тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалдау шарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Айта кету керек, Бағдарлама операторлары ретінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы және «Отбасы банкі» АҚ-ы болып табылады. Тұрғын үйлер бағдарлама қатысушы азаматтарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға беріліп, жалдау шартының талаптарына сәйкес, тұрғындар аталған банктің арнайы депозит шоттарында белгіленген көлемде салымдар (жинақ жарналарын) салып отыруы тиіс. Бүгінгі таңға дейін Шымкент қаласы бойынша 104 азамат мерзімінен бұрын жинақтау шартын орындап, жеке меншігіне аударған.