Пилоттық жобаны іске асыру жөнінде құрылған арнайы жұмыс тобының құрамымен оқыту сабағы өткізілді

Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Клышпаеваның және Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешовтың, ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Түркістан облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Х.Тлеулин, Түркістан облыстық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Теміров, Түркістан облыстық Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Қ.Қамбаров бірлесіп электрондық форматта адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процесстерін автоматтандыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жөнінде құрылған арнайы жұмыс тобының құрамымен 19.07.2021 жылы Түркістан қалалық Полиция басқармасының тергеушілеріне оқыту сабағы өткізілді.Кездесу барысында ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Түркістан облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Б.Жаманкараев сотқа дейінгі тергеу сатысында қылмыстық процесті жүргізетін органдардың адвокатты қорғаушы ретінде тағайындау, «Заң көмегінің біріңғай ақпараттық жүйесі» арқылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша баяндама оқып, ары қарай қатысушылар пікір алмасты.Сонымен қатар, Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының төрағасы Қ.Қамбаров мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу процестерін автоматтандыру барысында туындап отырған өзекті мәселелерді бірлесе отырып шешу қажеттігін атап өтті.ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің Түркістан облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Х.Тлеулин пилоттық жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жұмысшы топ құрамы белсенді жұмыс істеуін талап етті.