Облыста интернет сапасы  мен қолжетімділігі артуда

Облыста интернет шалғай аудандарда да қолжетімді. Жуырда Түркістан облысының Төлеби, Қазығұрт және Келес аудандарының тұрғындары Интернет желісіне қосылу мүмкіндігіне ие болды. Жоба ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылуда.

         Былтыр 850 адам тұратын Төлеби ауданының Балдыберек ауылында мобильді интернеттің сапасы өте төмен болатын. Сол себепті тұрғындар тарапынан шағымдар көп болды. Биыл Балдыберек ауылының тұрғындарында 4G мобильді интернеті пайда болды.

Ал, мыңнан астам халқы бар Келес ауданының Бозсу ауылында, сондай-ақ 1000-нан астам халқы бар Қазығұрт ауданының Жеңіс ауылында да туындады. Енді 250+жобасы аясында барлық ауыл тұрғындарына кең жолақты интернет желісі жетті. Алдағы уақытта өзге де елді мекендер интернеттің игілігін көре алатын болады.

Айта кетейік, 7 қаладағы 32 қоғамдық орынға Free Wi-Fi сымсыз тегін интернет нүктелері орнатылды.

• Түркістан

• Кентау

• Сайрам

• Мақтарал

• Төлеби

• Арыс

• Түлкібас

Қазіргі таңда Free Wi-Fi сымсыз тегін интернет нүктелеріне 35 324 қолданушы тіркелген.+

Ntime.kz