Облыс әкімінің орынбасары жас аналарды мерейлі мерекесімен құттықтады

Пациенток перинатального центра

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов №1 Облыстық перинаталдық орталығында болып,  жас аналарды «8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Аяулы аналар! Сіздерді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі «8  наурыз  — Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймын! Ана – өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры, мейірім мен ізгіліктің жаршысы. Әйел — бүтін бір шаңырақтың шамшырағы. Ендеше мерейлі мерекеде Сіздерге тек шаттық пен қуаныш тілеймін. Әрдайым ақпейіл де қамқор, адал да, үлгілі қалыптарыңыздан айнымай жүре беріңіздер», — деп жылы лебізін білдірді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов.

 Бүгінгі күні перинаталдық орталықта 656 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 609-ы нәзік жандылар. Олардың қатарында дәрігерлер мен медицина ғылымдарының кандидаттары және денсаулық сақтау саласының  үздіктері бар.

«Сіздер мереке күндерінде де жұмыс істеп, жаңа туған жас сәбидің үнімен балалы болған отбасылардың қуанышына себепкерсіздер. Шын жүректен қолдау көрсеткендеріңіз үшін және науқастарға күн сайын көрсететін қажырлы қызметтеріңіз үшін алғысым шексіз», — деп   ақ халаттыларға жүрекжарды лебізін білдірген Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов нәзік жандылардың еселі еңбектеріне тілеулестік білдірді.

  Айта кетсек, Түркістан облысы  бала туу бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері облыста 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Ал облыстық перинаталдық орталығында дүние есігін ашқан 1571 баланың  38-і егіз болса, біреуі  үшем.

    Бұл орталық  заманауи жабдықтармен жабдықталған. Мұның барлығы өңірдегі жүздеген нәрестенің өмірін сақтап қалуға және мыңдаған әйелдердің үміт отын қайта жағып,  ана болу бақытын сыйлауға мүмкіндік береді. 

Пациенток  перинатального центра №1 поздравили с 8 мартом

 По поручению акима Туркестанской области Умирзака Шукеева областной перинатальный центр №1 посетили заместитель акима области Арман Сабитов и руководитель Управления общественного здравоохранения Марат Пашимов передает пресс-служба акима Туркестанской области. В ходе визита они ознакомились с деятельностью лечебного учреждения, а также поздравили пациенток перинатального центра с Международным женским днем.

«Дорогие женщины! Поздравляю вас с первым праздником весны! День 8 Марта символизирует все самое лучшее в жизни – ведь именно женщины несут миру добро, гармонию, красоту. Вас ценят за мудрость, трудолюбие, заботу, способность вселить уверенность в тех, кто рядом», – произнес слова поздравления заместитель акима области Арман Сабитов.

В перинатальном центре трудятся 656 специалистов, в том числе 609 женщин, среди которых есть доктора и кандидаты медицинских наук, а также Заслуженные врачи и Отличники здравоохранения.

«В свой праздник вы находитесь на работе, помогаете появиться на свет новым жителям Туркестанской области. Спасибо за вашу душевную поддержку и тепло, которое вы дарите каждый день пациентам!», – добавил руководитель Управления здравоохранения Туркестанской области Марат Пашимов.

Туркестанская область лидирует по рождаемости. С начала года в регионе на свет появились более 10 тыс. детей. Отметим, что в областном перинатальном центре родились 1571 детей, из них 38 двоен, а также 1 тройня.

На сегодняшний день центр оснащен самым современным оборудованием. Все это позволяет спасать сотни жизней и дарить радость материнства тысячам жительниц области.