Онлайн дөңгелек үстелі өткізілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы, Халықаралық Еңбек ұйымының ұйымдастыруымен конвенцияны қолдану мен ратификациялауға жәрдемдесу мәселелерін талқылау тақырыбында онлайн дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тарапынан төраға Бауыржан Әлтеев, салалық кәсіподақ төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.Спикерлер ретінде Халықаралық еңбек ұйымының Еңбекшілер қызметінің Еуропа және Азия секторының меңгерушісі Сергеюс Гловацкас, ВЕРС ЖПО кеңесшісі Невераускайте, еңбекшілермен жұмыс жөніндегі аға маман АКТРАВ ХЕҰ Виктор Рикко, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Өзбекстан кәсіподақтар Федерациясы еңбекшілерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау бөлімінің меңгерушісі Махмуд Исаев, Тәжікстан тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясының жұртшылықпен байланыс және халықаралық қатынастар жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі Джамшед Юнусов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Әлиақбарқызы Қымбат сөз сөйледі.Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы