Отбасының цифрлық картасы арқылы 249 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қазақстан азаматтары жәрдемақы алу үшін құжаттарды көбіне қағаз күйінде тапсырып келді. Бұдан бұлай отбасы деректері цифрландырылып, қолданыстағы қағаз құжаттар біртіндеп жүйеден алынып тасталады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемле­кеттік қолдау шарала­рын проактивті тағайындау үшін жұмыс режимінде От­ба­сының цифрлық картасы  іске қосылды.  «Отбасының цифрлық картасы де­ге­ні­міз – еліміздегі отбасылардың дербес дерекқоры.

Елімізде отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 651 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 249 мыңнан астам адам пайдаланды.

Сонымен қатар, 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,8 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Басты мақсат – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.

Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін.