Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда

 Оқушылардың көшеде  жүру қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде құқық қорғау органдары көптеген іс шаралар атқарып жатыр. Түркістан қаласы желілік полиция қызметкерлері Абай атындағы N31 жалпы орта мектебінің оқушыларына,темір жол үстіндегі өткелдерден өтетін қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына «Абайлаңыз поезд» акциясы барысында көлік объектілеріндегі жазатайым оқиғалар мен қылмыстың  алдын алу бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесі ЕСКЕРТЕДІ:

-Темір жолмен жүруге қатаң түрде тиым салынған;

-Темір жол бойымен, шеткі рельстен 5 метрден аса қашықтықта жүру қажет;

-Темір жолды арнайы төсеніштер арқылы, жақын жерде пойыздардың жоқтығына көз жеткізіп барып белгіленген жерден ғана өтуге болады;

-Темір жолды өту кезінде құлақ қаппен ұялы телефонды пайдалануға,

тұрған вагондарға шығуға болмайды және темір жол электрлендірілген оның қуаты 27000 вольт.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыларға,мектеп оқушыларына сақтық ережелерін қатаң ұстанып, жол үстінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.