Парасат жолы: Жас оқырмандармен парасаттылық құндылықтары дәріптелген кездесулер өтті

Мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған «Парасат жолы» орталықтарында кездесулер, ән кештері, дөңгелек үстелдер және тағы да басқа түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, өткен аптада қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында ерекше дарын иесі, өз заманының қайталанбас ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ жырының қара бурасы Мұқағали» атты әдеби-жыр кеші өтті. Іс-шарада ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Одан бөлек, студенттер арасында «Парасаттың шыңы даналық» атты танымдық сабақ өтті.
Сонымен қатар,орталықтандырылған балалар кітапханасының оқырмандары арасында «Әдеп және парасат» атты дөңгелек үстел, «Парасаттылық — заман талабы» атты пікірталас ұйымдастырылды.
Абай атындағы орталық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» тақырыбында әдеби-әуенді кеш өтті. Кешке ҚР мәдениет қайраткері А.Алихан, «Жастардың уақытын тиімді пайдалану» орталығының ұстазы, ақын Мара Мұхтарқызы, «Жас ақындар» клубының бір топ оқушылары қатысты.
Шаралар барысында парасаттылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі екендігі айтылып, оны қалыптастыруда көркем әдебиеттердің рөлі жеткізілді.
Алдағы уақытта жас ұрпақты ізгілікке баулитын жобалар өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, кітапханалардағы «Парасат жолы» орталықтары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен құрылып, тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті