Пауэрлифтингтен Азия чемпионатында түркістандық спортшылар 5 медаль алды

Жуырда Малайзия елінің Жохор Бару қаласында барлық жас ерекшеліктер арасында классикалық пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті.
Әлемдік додада отандық спортшыларымыз ел намысын жоғары деңгейде қорғады. Ұлттық құрама тартысты сайыста 12 алтын, 4 күміс және 1 қола медальді еншіледі. Жеңімпаздар қатарында түркістандық талантты спортшы қыздар Барно Жұмабаева мен Ирада, Нигара Абдыровалар бар. Сондай-ақ, Алена Гладкова бағы жанып, алтыннан алқа тақты. Ал Катя Шестакова қола жүлдеге ие болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі