Подполковник Ерлан Тасболатұлы: «Полиция қызметкері білімді де, білікті және білекті болу керек»

Қоғамдық тыныштықты күзету жолында қалтқысыз қызметімен көрініп жүрген жанның бірі Ерлан Жылқыбаев. Қылмысты болдырмау, алдын алу, қандықол қылмыскерді құрықтау ісінде полиция подполковнигі күндіз-түні қалтқысыз қызметімен көрініп келеді. Жерлестері де тәжірибелі тәртіп сақшысының жұмысын жоғары бағалап, алғыстарын айтуда. Ерлан Тасболатұлы ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Алматы академиясының түлегі. Ал, алдын Ақмола Заң колледжінде білім алған. Түркияның Анкара қаласындағы полиция академиясында білімін жетілдірген. Тәжірибесі тың тәртіп сақшыларынан қылмысты болдырмау мен алдын алу жолдарын үйренген. Оқуды бітірген соң, облыстық полиция департаментінің криминалистика бөлімінде еңбек етті. Мақтаарал АПБ жедел уәкіл, криминалдық бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Кейіннен Жетісай АПБ қызметін ауыстырды. Тәжірибелі тәртіп сақшысы содан бері өз білімі мен біліктілігін аудандағы қылмысты азайту ісіне жұмсап келеді. Қазір Жетісай АПБ аға жедел уәкілі.-Мақтарал ауданында қызмет етіп жүрген кезімде бір әжені 5 бала тонап кетті. Жедел жұмыстарды жүргізу барысында ізіне түстік. Күдіктілердің төртеуін Шымкенттен, біреуін Алматыдан ұстадық. Күдікті жасырынған мекенге бір өзім барып, қолын байлап, алып шықтым – деді полиция подполковнигі.Сондай-ақ ол кісі өліміне қатысты аса ауыр қылмыстарды да ашуға үлесін қосуда.-Осыдан 5-6 жыл алдын Жетісайда ерлі-зайыпты қарияларды өлтіріп кетті. Кейіннен күдіктінің көршісі екендігін анықтадық. Яғни қарызға ақша алып, соны қайтармау мақсатында қарияларға қол жұмсаған болып шықты – дейді. Ерлан Тасболатұлы самбодан спорт шеберіне үміткер. Жас кезінен бос уақытын спорт залда өткізген бозбала талай байрақты бәсекелерден жеңіспен оралған. Халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген кездері көп.-Әрбір полиция қызметкері спортпен шұғылдану керек. Бос уақытын спорт залда өткізіп, түрлі тәсілдерді меңгергені дұрыс. Қызметке енді келіп жатқан жастарға біз осындай кеңестерімізді беріп, тәрбиелеп отырамыз. Спортқа баулимыз. Біліктілігін арттырамыз. Себебі полиция қызметкері болу оңай емес. Ең алдымен білім мен біліктілік және білекті болу керек – дейді аға жедел уәкіл.Ерлан Жылқыбаев 3 тілде еркін сөйлейді. «Ана — тілім арым» деп білетін жігіт ағасының орысшасы жетік. Ал түрік тілін студент кезде меңгерген.Жалпы Ерланның бауыры Ержан да полицияда қызмет арқарады. Полиция капитаны қазір Мақтарал АПБ аға жедел уәкілі қызметін атқаруда. Қос ұлдың құқық қорғау саласын таңдауға әкелері сеп болыпты. «Қоғамдық тыныштықты сақтап, халыққа қызмет ету керек деген» әке ақылына қос ұлы бірден келіскен. Сондай-ақ шен тағып, форма киген нағашылары үлгі болған екен.Бүгінде Ерлан Тасболатұлының екі ұл, екі қызы бар. Ұлдары Ердәулет пен Ерасыл боксқа барып жүр. Ал Аяулым мен Айару мектепті үздік оқиды. Жұбайы бала тәрбиесін қолға алған.Жайдары жұпты Жетісайлықтар мерейлі отбасы деп біледі.

ТО ПД баспасөз қызметі