Полицейлер жүк көлігі жүргізушісінен алғыс алды

Түркістан облысы полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының полиция майоры Б. Жанибеков пен полиция аға лейтенанттары Ж.Шатаев Р. Қалшораев Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 650 шақырымында (Алматы бағытына қарай) күндізгі уақытта, MAN жүк көлігінің тежегіші бұзылып, қысылып қалуына байланысты жолда тұрып қалғандығын байқайды. Сол маңда қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары бағытты патрульдеу кезінде бұзылған жүк автокөлігіне тез арада көмек көрсетеді. Жол азабын жүрген білер деп ағынан жарылған жүк көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне өзінің жүрекжарды алғысын білдіріп, жолын жалғастырып кете барады.