Полицейлер сотты бола тұра, бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты ізін суытпай ұстады

Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.

Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтаумен сотталған Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны. Ол құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның «BMW» маркалы автокөлігін заңсыз иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта полицейлер бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі