Халықтың құқықтық санасын  қалыптастыру

Қоғамдағы құқықты дамыту үшін, заңдылықты, тәртіпті қатаң сақтау үшін құқықтық сана-сезімнің маңызы өте зор. Бұл сана-сезімді қоғам көлемінде дамыту керек, әсіресе заңгерлердің, органда қызмет атқаратын азаматтардың білімі, тәжірибесін, сана-сезімін көтеруді қажет етеді. Сонда ғана қоғамда заңдылық, құқықтық тәртіп болады. Түркістан қаласының полиция басқармасына облыс орталығында құрылыспен айналысатын мекемелердің бірінен арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, олардың ғимараттарына белгісіз екеу ұрлыққа түсіп, 182 метрлік кабельді жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 800 000 теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті. Нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар күдікті ретінде 2 ер азамат анықталды. Түркістан қаласының сақшылары қала халқын осындай жағдайларға тап болмас үшін халықтың құқықтық мәдениет пен құқықтық санананы  қалыптастыруға шақырады.

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Қоғамдық сана – объективті дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуі. Қоғамдық сана адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалады. Сана қоғамның рухани мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады.

Құқықтық сананың тарихи даму кезеңдері мен типологиясы жобамен төрт дәуірге бөлуге болады: көне дәуір, орта ғасырлар, жаңа кезең және қазіргі заман.

Көне дәуірде ешқандай құқықтық сана деген жеке заңды ұғым болған жоқ. Орта ғасырларда да құқықтық сана толық қалыптасқан жоқ, аздап бұл туралы пікірлер, зерттеулер болды.

Қазіргі заманда құқықтық сана өмірде де, ғылымда да жан-жақты зерттеліп қоғамның, мемлекеттің дамуына зор үлес қосуда, мемлекеттік аппарат күрделі дамуда, заң шығармашылық процесс сапалы жұмыс жасап, қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттеп, басқаруда.

Сонымен, құқықтық сана – қоғамдағы құқықтық құбылыстарға адамдардың, сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.