Полиция департаментіне 46 жаңа автокөліктің кілті табысталды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков миллионнан астам тұрғынның қауіпсіздігін күзетуде жұмыс сапасын арттыра түсу мақсатында Полиция департаментіне 46 жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Салтанатты жиында қала әкімі арнайы сөз сөйледі.

Құрметті полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлері! Бүгін біз ішкі істер органдары жеке құрамының жалпы гарнизондық саптық түзеуіне жиналып отырмыз. Қаламыздың тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда күндіз-түні аянбай еңбек етіп келесіздер. Қылмыс деңгейі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш сіздердің тікелей еңбектеріңіздің арқасында деп білеміз. Биыл Полиция департаментіне материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен жалпы 4,5 миллиард теңге бөлінді. Алдағы уақытта да әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі, – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала әкімі тәртіп сақшыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қаламыздың тыныштығын қамтамасыз етуде жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

Іс-шара барысында қоғам қауіпсіздігін сақтауда елеулі еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлері қала әкімінің арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі