Полиция студенттермен есірткі туралы ашық сұқбат жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық шараларды бастап кетті.

Әрбір оқу орны басшылығымен келісіп, студент жастардың өмірін улайтын нашақорлықтың зияны туралы ашық сұқбат құрып, тиісінше маман тарапынан түсіндірмелер беруде. Бұл жолы полиция «Қожа Ахмет Яссауи» атындағы колледж студенттерімен сұқбаттасты. Жастар тарапының басым көпшілігі есірткінің түрлері мен тәуелділік туралы сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.

Полиция білім алушылардың сауалдарын ашық сұқбатқа айналдырып, зияны туралы егжей-тегжейлі түсіндірді және есірткіге бірге қарсы тұру керектігін айтып, оның зияны туралы таныстарына ақпарат беруге уеделерін алды. Айта кету керек есірткі тақырыбы бойынша Түркістан облысының полициясы айына 3-4 оқу орнының жастарымен сұқбаттасу ұйымдастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі