Полиция суықта жолда қалған автоледиге дер кезінде жәрдемдесті

Түркістан қалалық полиция басқармасының полиция қызметкерлері кешкі уақытта патрульдеу кезінде жол бойында тоңып тұрған әйелдің қол бұлғағанын байқады. Осыдан соң тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің жанына тоқтап, “қандайда бір көмек керек пе?”, — деп жөн сұрады. Автоледи көлігінің дөңгелегі жарылып, жөндей алмай тұрғанын жеткізді. Полицейлер жедел әрекет етіп, автокөлікті жөндеуге кірісті.

Анықталғандай, жүргізуші әйелдің қосымша ауыстыратын дөңгелегі болған. Алайда оның желі шығып кеткен. Сондықтан қосымша құрал-жабдығы болмай өздігінен ретке келтіре алмаған. Сақшылар тез арада көлік жөндеу орнына барып, қосымша дөңгелекті реттеп, көлікке орнатты. Полицейлердің қамқорлығы мен көмегіне риза болған жүргізуші әйел шын жүректен алғысын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі