Президент жолдауы насихатталды

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының құрамындағы қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында жиын өтті. Жиынға кәсіподақ төрағалары мен мүшелі, қалалық мәслихат депутаттары, Қаратау ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.Жиын барысында халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжатта көрсетілгендей, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту жолындағы бірқатар бастамалар талқыланды. Оның ішінде, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан көтеріліп келген өзекті мәселер, атап айтсақ, ең төменгі жалақыны көтеру, жалақыны индексациялау секілді өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықтар қызметкерлерге жеткізілді.Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейту туралы шешімін жария еткені белгілі. Сондай-ақ, Жолдауда айтылғандай мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсетіндігі жеткізілді.Кітапхана ұжымы қазақ еліне барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдірді.

Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы