2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында Қазақстан Республикасында жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасының салтанатты іске қосылу рәсімі өтеді. Бұл — Орталық Азиядағы осындай ауқымдағы алғашқы жоба.
Жоба жаңбыр шақыру, су қоймаларын толықтыру және заманауи климаттық шешімдерді дамыту мақсатында бұлттарды себу технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус мүшелері, сондай-ақ метеорология және климаттық технологиялар саласындағы жетекші сарапшылар қатысады.
Бағдарлама аясында жобаның ресми іске қосылуы, технологиялық шешімдердің таныстырылымы және арнайы техникалардың көрсетілімі өтеді.
Күні: 2026 жылғы 16 мамыр
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Конгресс-холл, Түркістан қаласы
БАҚ аккредитациясы: +7 705 657 81 81, Ляззат
