Пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу

Сарыарқа ауданының прокуратурасы аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың ҚР ІІМ ҚАЖК №2 мекемесіне (төтенше қауіпсіздік мекемесі) баруын ұйымдастырды.

Аталған іс-шара пробация қызметінде есепте тұрғандармен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында өткізілді.

Түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарды ұстау жағдайы және күн тәртібімен таныстырып, оларды ұстау орындарын көрсетті.

Сонымен қатар, прокурорлар пробация қызметінде есепте тұрғандарға пробациялық бақылауды бұзған жағдайда (сот жүктеген міндеттерді орындамағанда, қайталап қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда, пробация қызметіне келмегенде және т.б.), сотпен тағайындалған жаза неғұрлым ауыр жазаға ауыстырылатынын ескертті.