Прокуратура «Есірткі қылмыстарының алдын алу және онымен күресу» жұмыстарын жүргізуде

Мемлекет басшысы өз Жолдауында — есірткінің ұлт денсаулығына үлкен зиян әкеліп тұрғанын және синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екендігін айтқан.
Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Шымкент қаласының прокуратурасы қылмыстық қудалау мен арнайы органдардың жұмысын тиімді Үйлестіріп келеді.
Биыл есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаудың және тасымалдаудың – 250 фактісі (ҚК-тің 296-бабы), есірткіні сатудың – 54 фактісі (ҚК-тің 297-бабы), есірткіні жарнамалаудың – 1 фактісі (ҚК-тің 299-1-бабы), есірткіні заңсыз өсірудің – 25 фактісі (ҚК-тің 300-бабы) тіркелген.
Ағымдағы жылда есірткімен байланысты 259 (187) іс бойынша 300 адамға қатысты сотқа жолданып өткен жылға қарағанда 17%-ға асқан.
Оның ішінде әйелдермен 22 қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, қалғандарды ерлермен жасалған.
Синтетикалық есіртікінің жасаушы заттар, яғни химиялық тұздар қол жетімдігі жоғары. Олар бірігіп дайындалмағанша ешқандай қылмысты құрамайды.
Соңғы кезде елімізде оны өндейтін зертханалар ашылуда.
Ағымдағы жылдың өткен мерзіменде 1 синтетикалық ескірті заттарын өндеу зертханасы мен 1 сора өсімдіктерін өсіру үшін фитозертханасы анықталып, күдіктілер құрықталды.
Қазіргі таңда қала прокуратурасы бұл бағытта тиісті іс-шаралар атқаруда.