Профилактикалық іс-шара өткізілді

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.   Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте «Бала құқығы – адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» — Республикалық онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс – шара жоспарына сай, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, адам өміріне зиян келтіретін үшкір, өткір заттарды алып жүрудің алдын алу мақсатында «Абай бол!» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Ғ.Орынбасар мектеп инспекторы Е.Жұманов «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және тәртіп фракция» мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепішілік рейд жүргізілді.

Сонымен қатар осы  А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде 19.10.2022 құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып аралағында ұлдар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

1.Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық

2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі

3.Түрлі мәселелер

1.Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде Аль-Фараби РОВД арнайы қызметкерлер келіп дәріс өтті.

Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып,құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен,жасөспірімдердің құқықтық міндеттерімен таныстыру.

2.Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш Нариманова мектептің ішкі тәртіп ережелерімен,мектеп формасы туралы айтып өтті.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  А Мусапирова асханадағы тәртіп ережесі,қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелері жөнінде мағлұмат айтты.