Ресейден автокөлік алып келемін деп 400 мың ақшасын алып кеткен

Ресейден автокөлік алып келемін деп ақшасын алып кеткен 2021 жылдың 04 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің «102» арнасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған деп хабарлайды Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі .

Ол өз арызында, бейтаныс азамат Ресей мемлекетінен автокөлік алып келемін деп, алаяқтық жолмен 400.000 теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен. Полиция қызметкерлерімен жедел іс-шара жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.